Халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткізілген іс- шара » Средняя школа №6
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№6 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 62-56-45
Есепші:
+7 (7232) 62-56-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткізілген іс- шара
12
наурыз
2018

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткізілген іс- шара

Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 Орта мектеп» КММ –да Халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткізілген іс- шаралар туралы

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі -8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсанында «№6 Орта мектеп» ұжымын жоғарғы сынып оқушылары дайындаған тосын сый тосып тұрды. Оқушылар сол күні бүкіл ұстаздар қауымын мектептің кіре-берісінен шоқ гүлдерімен, көңілді музыка әуенімен қарсы алып, жүректеріне жылулық сыйлап, көңілді көңіл күй мен құттықтауларын видео-роликпен жекізді. Сонымен қатар әр сыныптарда «Ана –өмірдің шуағы», «Көктем аруы», «Айналайын анашым», «Сыйынар ем ана деген тәңірге» сияқты сынып жетекшілердің жетекшілігімен сыныптан тыс іс шаралар өткізілді. Атап айтсақ, 4 «А» сыныптың кішкене қызғалдақтай қыздары «Көктем аруы» сайысына түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: «Тегін білу –тектілік», « Анамнан үйренгенім», «Мен ақылдымын», «Мен-аспаз». Әділқазылар алқасы осы кезеңдерден сүрінбей өткен Мұратбек Жансұлуға бас жүлдені берді. Балалардың өнерін ата-аналар келіп тамашалады. Сайыс өте тартымды, балаларға қызықты болды.
01.03-07.03.18ж аралығында «Асар» тобы, ҰОС ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің жұбайларына мекен-жайлары бойынша аралап, шаруашылық жұмыстарына көмектесіп, 8 наурыз мерекесімен құттықтап, сыйлықтар беріп, мектепте өткізілетін концертке шақырылды.
07.03.18ж «Аяулы аналар» атты тәрбие бөлімі мерекелік концерт өткізіді. Концертке барлық сынып оқушылары қатыстырылып, жоғары деңгейде өтті. Концертіміздің арнайы қонағы ретінде ардагер ұстаздар шақырытылды және де мектебіміздің ұстаздар коллективі, мектеп әкімшілігі, ата-аналар тамашалады. Би биленді, мерекелік аналарға арналған әндер айтылды, өлеңдер оқылып аналарға көңілді көңіл-күй орнады. Аяулы аналарға арналып жүрек жарды тілектер айтылды.













Похожие публикации: