25
мамыр
2021
«Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!»
25 мамыр күні №6 орта мектеп алаңында соңғы қоңырауға арналған «Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!» атты салтанатты мерекелік шара өткізілді. Мектеп алды мерекеге сай безендіріліп, соңғы қоңырауға арналған баннерлер, түрлі-түсті жалаулар, шарлар, ілінді.
Салтанатты жиын мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Келген қонақтар түлектерді қошеметпен ортаға шақырып, сый-құрмет көрсетті. Бұл күні 11 сыныптан 14 оқушы, 9 сыныптан 27 түлек атанып, жаңа өмірге қадам басты. Оқушылар өздерінің жүрек жарды жыр-тақпақтарын оқып, ән айтты.. Мерекелік шарада оқу жылының аяқталуымен мектеп директоры Аскарова А.А, ұстаздар, ата-аналар тілектерін білдірді. Озат оқушылар мақтау қағаздарымен, сынып белсенділері жыл көлемінде атқарылған іс-шараларға белсенді қатысқандары үшін, грамоталармен мадақталды. Жыл көлемінде мектептің қоғамдық іс-шараларына ат салысқан ата-аналар да алғыс хатпен марапатталды.