"Мектепке жол" Республикалық акциясы » Средняя школа №6
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№6 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 62-56-45
Есепші:
+7 (7232) 62-56-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" Республикалық акциясы
02
тамыз
2022

"Мектепке жол" Республикалық акциясы

2022 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда да, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  «»№6 орта мектебі" КММ-де  де  «Мектепке жол" республикалық акциясы басталды. Ағымдағы жылы ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Жалпыреспубликалық акция 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық!» ұранымен өтеді. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Осы іс-шараны іске асыру үшін білім министрлігі "Мектепке жол" республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасын әзірледі.
Акция кәсіпкерлерді, меценаттарды, мемлекеттік органдарды акцияны өткізуге көмек көрсетуге және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге шақырады.
Іс-шара аясында мектеп  ұжымы  полиция қызметкерлерімен  бірлесіп мектепке  белгісіз себептермен бармайтын  балаларды анықтау  мақсатында рейдтер  жүргізеді.
Қала азаматтарын халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуге белсенді қатысуға шақырамыз.