Ұлт ұстазы Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның өмірден озғанына 10 жыл толып отыр » Средняя школа №6
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№6 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 62-56-45
Есепші:
+7 (7232) 62-56-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлт ұстазы Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның өмірден озғанына 10 жыл толып отыр
18
қыркүйек
2024

Ұлт ұстазы Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның өмірден озғанына 10 жыл толып отыр

https://www.instagram.com/reel/C_sNwEpK3Bv/?utm_source=ig_web_copy_link

Ғұмырын ұстаздық ұлы жолға арнаған ұлағатты ұстаз,педагогика әлемінде қолтаңбасы қалдырған әдіскер ,ғалым, академиалық, құрметті профессор, «Қазақтың Қанипасы» Ұлт ұстазы Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның өмірден озғанына 10 жыл толып отыр.Осынау күз айының күңгіренген күнінде Ұстазбен қоштасып, сағыныш сазы қимастықпен сарғайған жапырақтай үзіліп түскен еді.Ұстаз бейнесі санамызда, жадымызда сақталып, педагогикалық мұрасы сарқылмасы қазынамызға айналды. «Ғалымның хаты өлмейді» дегендей, Хан апамызды ұлттық педагогикалық іргелі зерттеулері, ғылыми еңбектері мен технологиясы барша ұстаздар қауымы үшін темірқазыққа айналды.Есімі алты алашқа Аңыз болып тараған Хан апамыздың ұрпаққа қалдырған мұрасы барда ,есімі мәңгілік жасай беретініне сенімдіміз.Ұстаз есімі мәңгі біздің жүрегімізде.Сағынышпен еске аламыз және де құс жолындай қалдырған ізін жалғастырушылардыңбарына кәміл сенеміз......#біртұтас_тәрбие