"Сәт сапар, жас түлек!"
03 июнь күні №6 орта мектепте жас түлектерге арналған «Сәт сапар, жас түлектер!» атты салтанатты түрде аттестат тапсыру іс – шарасы өткізілді. Салтанатты жиын мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Түлектерді қошеметпен ақылына көркі сай болатын асыл сөздермен ортаға шақырып, сый-құрмет көрсетілді. Бұл күні 10 оқушы түлек атанып, жаңа өмірге қадам басты. Оқушылар өздерінің жүрек жарды тілектерін, ыстық лебіздерін білдірді. Мерекелік шарада түлектерге арнап мектеп директоры, ұстаздар, ата-аналар тілектерін білдірді. Озат оқушылар және сынып белсенділері жыл көлемінде атқарылған іс-шараларға қатысқандары үшін аттестатпен бірге грамоталармен мадақталды.
03 июня в средней школе № 6 прошел замечательный праздник, выпускники 11-х классов получили долгожданные аттестаты. Для виновников торжества были подготовлены поздравления педагогов и родителей. Все это позволило создать торжественную атмосферу. Ребята выглядели нарядными, повзрослевшими и немного грустными, потому что этот день стал прощанием со школой, с детством, а еще началом новой жизни, стартом в будущее. Учащиеся проявили свои сердечные поздравления и добрые пожелания. Лучшие ученики и активисты классов были награждены грамотами за участие в мероприятиях, проведенных в течение года.


