26
август
2021
"Дорога в школу"атты қайырымдылық акциясы.
ШҚО білім басқармасының «Средняя школа №6» "№ 6 орта мектебі" КММ-де "Дорога в школу"дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтті.
Акция кезінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сондай - ақ халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының балаларына мектепке жинау бойынша көмек көрсетуге ерекше назар аударылды.
Акция аясында "Таг - Тин" ЖШС фирмасының директоры К.А. Құрманғалиев, "ВостокАгроХолдинг" ЖШС директоры А. Е. Нұрбаев көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың оқушыларына көмек көрсетті.
2021 жылдың 25 августында мектеп базасында меценаттар оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесті. Акция аясында 20 оқушы кеңсе тауарлары бар рюкзактар алды.



