01
маусым
2023
ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ, СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ,
СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
Міне, бүгін тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітіруші түлектер мен оқу жылын аяқтаған шәкірттер үшін соңғы қоңырау соғылды.
2023 жылдың 1 маусым 6 орта мектебінде «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өткізілді.
Мектеп басшысы Аскарова А.А.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата- аналар!!! Соңғы қоңырау тек оқушыларға емес, олардың ата –аналарына, сонымен бірге бір жылдық қажырлы еңбекті қорытындылайтын мұғалімдер үшін де үлкен мереке.
Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы! Осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге алғысымды білдіремін!
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілеймін!- деп бітіруші түлектер мен шәкірттер, ұстаздарға ізгі тілегін жеткізді.
Салтанатты жиынға ата-аналар, бітіруші түлектер, оқушылар, ардагер ұстаздар қауымы қатысты. Бітіруші түлектерімізге алдағы үлкен сынақ ҰБТ-да жоғары жетістікке жетіп, грант иегері атануларына тілектеспіз.
Сегодня завершился очередной учебный год, и прозвенел последний звонок для выпускников и учащихся.
1 июня 2023 года в общеобразовательной школе состоялось торжественное линейка «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла соңғы қоңырау».
Директор школы Аскарова А.А.:
Уважаемые учителя, ученики, родители!!! Последний звонок – это большой праздник не только для школьников, но и для их родителей, а также для педагогов, которые подводят итоги года напряженной работы. Уважаемые учителя! Выражаю благодарность за Ваш нелегкий труд в обучении учеников! Поздравляя Вас с праздником, желаю крепкого здоровья, благополучия Вашей семье, творческих успехов в педагогической деятельности!
В церемонии приняли участие родители, выпускники, учащиеся, педагоги-ветераны. Желаем нашим выпускникам добиться больших успехов в предстоящем большом испытании ЕНТ и стать победителями грантов.


